Құрылыс басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушысы ұсталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасау күдігі бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Құрылыс басқармасы бөлім басшысының міндетін атқарушыға қатысты сотқа дейінгі тергеуді тіркеді. Ол орындалған жұмыстар актісіне қол қойғаны үшін фирма басшысынан 1,4 млн теңге көлемінде пара алу күдігіне ілінді.Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мәлімдеді. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда Нұр-Сұлтан қаласы